Мексидағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 273 адамға жетті
Құрбан болғандардың жартысы ел астанасы Мехиконың тұрғындары екен. Тоқтаусыз жұмыс істеп жатқан құтқарушылар үйінді астынан табылған мәйіттер көп. Сондықтан опат болғандардың қатары әлі де артуы мүмкін, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Алапат зілзала Мехикодағы 40-тан астам ғимарат жермен жексен еткен. Азаматтық қорғаныс ұлттық агенттігінің хабарлауынша, ел орталығынан басқа Морелс штаты мен өзге де қалаларда қаза тапқан тұрғындар бар. Қазір Мексиканың барлық аймағымен қатар шет елде тұратын мексикандықтар да ел басына туған ауыр күнді жұмылып көтеруге атсалысып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, үйінді астындағылар үш күнге дейін сусыз өмір сүре алуы мүмкін. Ал, жер селкінісі сейсенбі күні болғандықтан құтқаршылар жан ұшыра қимылдауда.
Жіберіп алмаңыз:
Оралда тағы да автобус түйісіп, бірнеше адам жарақат алды
Атырау облысында кен орынында 19 жастағы жігітті бульдозер басып кетті
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған
Ерікті: "Ақшаның тең жартысы тиын"
“Мәселе мәдениетте емес”: Мамандар Қайрат Нұртастың концертіндегі халық әрекетіне баға берді
Мамандар мұндай жағдайлардың тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де кездесетінін атап өтті