Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана полицейлері 8-қабаттан секірмек болған қызды құтқарды

Астанада учаскелік полицейлер «Столичный» тұрғын үй кешенінде болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алып, қыздың өмірін сақтап қалды.

Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Полиция қызметкерлері учаскені аралау кезінде бір қызды көріп қалған. Ол 8-қабаттың кіре берісіндегі балконда тұрған.  Полиция аға лейтенанты Темірхан Қайырбеков пен полиция капитаны Асқар Папышев еш уақыт жоғалтпастан тездете 8-қабатқа көтеріліп,  балконның жақтауына шығып, секірмек болған қызды ұстап үлгереді», – делінген хабарламада.

28 жастағы қыздың түсіндіруінше, ол өзінің жігітімен ұрсысып қалған. Полицияның дерегіне қарағанда, қазіргі уақытта оған  психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Мексидағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 273 адамға жетті

Оралда тағы да автобус түйісіп, бірнеше адам жарақат алды

Атырау облысында кен орынында 19 жастағы жігітті бульдозер басып кетті

Павлодарда трамвай тағы бір жеткіншекті қағып кетті

Талқылау