Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 23 жастағы жігіт әйел адамды қағып өлтірді

Алматыда әйел адам жол талғамайтын көліктің астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлады қаланың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Жұма күні Алматы қаласы Түрксіб ауданында сағат 23.50 кезінде жол апаты орын алды. 1965  жылғы әйел адам Бурундайская көшесін жаяу жүргіншілерге арналған жерден кесіп өтіп бара жатқан, сол кезде солтүстік бағыттта Toyota Land Cruiser көлігі келе жатады, рөлінде 1994 жылы туған жас жігіт болады.

Жол талғамайтын көлік әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жаяу жүргінші бірден көз жұмды.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөз Sputnik Қазақстан агенттігіне хабарлағандай, жас жүргізуші әуелі Жалқамыс ауылына қашып кетеді, бірақ кейінірек оқиға орнына қайтып келіп, полиция қызметкерлеріне әйелді қағып кеткенін мойындайды.

Қазіргі уақытта жас жігіт уақытша ұстау изоляторында отырды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:

Астана полицейлері 8-қабаттан секірмек болған қызды құтқарды

Мексидағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 273 адамға жетті

Оралда тағы да автобус түйісіп, бірнеше адам жарақат алды

Атырау облысында кен орынында 19 жастағы жігітті бульдозер басып кетті

Талқылау