Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 80 жастағы суретші 50 жыл бойы полицейлерге көмектесіп келеді

Шымкентте 80 жастағы суретші Нұрсейіт Ибрагимов 50 жыл бойы ішкі істер органы қызметкерлеріне қылмыстарды ашуға көмектесіп келеді. Ол іздеуде жүрген қылмыскерлердің фотороботын салады.


Бұл туралы Отырар хабарлады.

Тәртіп сақшылары суретшіге күдіктінің келбетін қағазға түсіру үшін үнемі оның көмегіне жүгінеді.

Мысал ретінде, өткен жылы белгісіз әйелдің мектептен бала ұрлағаны туралы іс болған. Осы кезде қария куәгерлердің айтуымен күдікті әйелдің фотороботын салып берді. Сол арқылы күдікті әйелді бір күннің ішінде полиция ұстап, қамауға алған.

Бұдан бөлек ақсақал мереке күндері гүл сатып тұрған жігітті атып кеткен қылмыстың ашылуына да өз септігін тигізді. Ол қылмыскерді табу үшін оқиға болған жерге барып, базарда тұрған куәгерлердің айтуы бойынша күдіктінің фотороботын салып берген. Бір аптадан кейін суреті салынған күдікті адам ұсталған

Осындай ерен еңбегін ескерген Әл-Фараби ауданының полицейлері Нұрсейіт Ибрагимовқа кәсібилігі мен еңбекқорлығы үшін алғысын айтып, мықты денсаулық пен өнердегі кәсібіне табыс тіледі. Өз кезегінде сексенді алқымдаған ел ағасы полицейлерге дән риза болып, жұмыстарына табыс, қылмыстардың көптеп ашылуын тіледі.

Тағы оқыңыз:

Бас мүфти: Сақал мен балақтың ұзындығымен мұсылмандықты өлшеу қате түсінік

Астана маңындағы тұрғын үй халқы құрбақа басқан құдықтан су ішіп отыр

Жаңа дерек: Ержан Тәтішевті не үшін өлтіргені айтылды

 

Талқылау