Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана маңындағы тұрғын үй халқы құрбақа басқан құдықтан су ішіп отыр

Біз де адамша өмір сүргіміз келеді! Бұл еліміздің бас қаласы – Астанадағы 804-шақырым тұрғындарының жанақайы. Өркениеттен кеш қалған жұрт тұрғын алабының тіпті шаһар картасына да енбегеніне налиды.

Еуразия бірінші арнасының тілшілері елорда билігі бұрын-соңды аяқ баспаған елді-мекенге барып, халықтың мәселесімен танысып қайтты.

Астана іргесінде орналасқан 804-шақырымды халық “Бермуд үштағаны” деп атап кеткен. Себебі ол екі темір жолдың ортасында орналасқан. Оған қоса, мұнда кіріп-шығу да мұң. Мәселен шойын жолдың арғы бетіндегі тасжолға шығу үшін кемінде 30-40 минут жаяу жүру керек».

Сарыарқа ауданына қарасты тұрғын алабында негізінен жер үйлер орналасқан. 30-ға жуық шаңырақта 80-нен астам адам тұрады. Алайда «бұл аудан қала картасында көрсетілмеген» дейді жұрт. Жергілікті атқамінерлерге өкпесі қара қазандай болғандар өркениет атаулыдан кеш қалғандарына налиды.

«Светіміз жоқ, жолымыз жоқ! Автобус ол жүрмейді дұрыстап!Оқушыларымыз  рельс арқылы жүреді. Аяқ қолдары қатады!» – дейді қала тұрғыны Сайран Сағатова.

«Мына жақтан арғы жаққа дейін екі аялдама. Жүру де оңай емес мына балаларға. Баламыз кішкентай. Ана жерде қатып тұрады, автобус жүрмейді» – дейді қала тұрғыны Айгүл Шалгаскина.

Тұрғындар аудан әкіміне барып шағымданған. Алайда, бәрі құрғақ уәде күйінде қалыпты. Ал бас қаланың әкімі 804-шақырым жайлы мүлдем білмейді дейді жұрт.

«Қала әкімі бізге бір рет келді ме?Тіпті, білмейді де. Көктем мен күз айында бізде жол жоқ! Салдарынан, полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер бізге қарай өте алмайды. Менің келінім босанайын деп отыр. Ертең қолымен көтеріп алып барамын ба?» – дейді қала тұрғыны Елена Владимировна.

Тұрғын алабына аптасына екі рет пойызбен ауыз су жеткізілетін көрінеді. Алайда, оның өзі санитарлық талаптарға сай емес, дейді тұрғындар. Себебі, оған арнайы қазылған құдықтың іші күл-қоқысқа лық толы. Ал ауызсудың өзін ішу мүмкін емес. Амалы таусылған жұрт, суды күніне бірнеше рет қайнатып ішуге мәжбүр.

«Жоқ дегенде 10-15 құрбақа жүреді ол жақта!…Құмырсқа да бар ішінде. Неше түрі бар. Бүкіл нәрсе!» – дейді қала тұрғыны Айгүл Шалгаскина.

“Су ішінде кір жүр! Кәдімгі хлор. Бұл адам ішетін су емес. Ішінде кірі бар».

Ал қалалық әкімшілік бұл үйлер бұрын темір жолшыларға арнап салынғанын айтады. Тұрғындардың мәселесімен таныс. Алайда олардың тұрмыс-тауқыметін әзірге шешуге дәрменсіз.

«Олардың мәселесін білеміз.Темір жол бойындағы жұмысшыларға салынған үйлер. Темір жол басқармасы суды әкеп тұрады. Мәселенің бәрі белгілі. Жол салу, үйлерді бұзу жоспарла жоқ!» – Сарыарқа ауданы әкімінің бас инспекторы Әділхан Жолдасбаев.

Дегенмен, шағымданған жұрт үміттерін үзбейді. Айтуларынша, олар да қала тұрғындары секілді өркениеттің дәмін сезінгісі келеді. Сондықтан қалалық әкімдіктегі шенеуніктер олардың жанайқайын еститіне сенімді.

Тағы да оқыңыз:

Шымкент тұрғындары Алғыс айту күнінде көшеде кездескен жандарды құшақтап рахмет айтты

Маңғыстау облысындағы жол апатынан 7 адам тірідей өртеніп кетті (видео)

Алматыда жас жігіт троллейбустағы жолаушыларға шайтансыңдар деп айқайлап, намаз оқуға шақырды

Талқылау