Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа дерек: Ержан Тәтішевті не үшін өлтіргені айтылды

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты сотта “ТұранӘлем” банкінің қауіпсіздік қызметі басшысы болып істеген қызметкер жауап берді. Ол банкирдің қасақана өлтірілу себебінің бірін айтты.

Бұл турлы “Астана” арнасы хабарлады.

Сотта банктің қауіпсіздік қызметі басшысы болып істеген Николай Кузьменко жауап берді.

Оның айтуынша, түрмеден шыққанан кейін бүкіл активінен айырылған Мұхтар Әблязов Ержан Тәтішевке ашулы болған.

“Әблязов түрмеден шыққан кезде, Тәтішев немесе банк оның үлесін қайтарады деп ойлады. Бірақ арты жанжалға ұласты: бірі уәде берді, екіншісі орындамады. Мұхтар есінен адасқандай болып көрінді маған. Сондай дарынды адам, гроссмейстер, шахматшы, ол іс-әрекетін 12-15 жыл бұрын есептейді. Енді келіп ойы іске аспай қалды. Оған ақшадан бұрын, жалпы процесс маңызды болды”, — дейді Кузьменко.

Айта кетейік, “ҚазШыныҚұрылыс” ЖШС бас директорының кеңесшісі Мұратхан Тоқмәдиге “ТұранӘлем” банкінің басшысы Тәтішевті өлтірді деген айып тағылып отыр.

Ол 2017 жылы 12 маусымда ұсталды.

Сотта Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті Әблязовтың бұйрығымен өлтіргенін мойындаған еді.

Тағы оқыңыз:

Қырғыз мүфтиі: біз қаламасақ та, теріс діни ағымдағылар көбейе береді

Маңғыстау облысындағы жол апатынан 7 адам тірідей өртеніп кетті (видео)

Алматыда жас жігіт троллейбустағы жолаушыларға шайтансыңдар деп айқайлап, намаз оқуға шақырды

Атырауда салмағы небәрі 25 келі болатын 28 жастағы келіншек халықтан көмек сұрады

 

Талқылау