Шұғыл түрде Шымкентке қонған ұшақтың жолаушылары Алматыға жеткізілді
25 қыркүйекте шұғыл түрде Шымкентке қонған «Эйр Астана» ұшағының барлық 75 жолаушысы сол түні Алматыға жеткізілді. Бұл туралы авиакомпанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Барлық жолаушыларды 26 қыркүйекке қараған түні басқа бортпен Алматыға қайтардық", - деп түсіндірді әуе компаниясы.
Естеріңізге сала кетейік, жұма күні сағат 17: 43-те Қызылорда-Алматы рейсін орындайтын 986 ұшағы техникалық себептермен Шымкент әуежайына қонды. 17:50-де борттан 75 жолаушы эвакуацияланды, оның ішінде бір бала және экипаждың алты мүшесі.
Ұшаққа өрт қаупі төніп, ол баламалы әуежайға қонған. Инженерлік-техникалық қызметкерлер тексеру үшін келесі рейспен Шымкентке аттанды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"