Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинада ұшақ құлап, 25 адам көз жұмды

25 қыркүйекте кешке Украинаның Харьков облысында украин қарулы күштерінің Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

Ұшақ әскери дайындық бөлімінің аэродромы орналасқан Чугуев қаласының маңына қонған кезде құлаған. Бортта экипаждан басқа, Украинаның қарулы күштері Харьков АӘК курсанттары болған.

Ұшақ апаты салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 25 адам қайтыс болды.



"Осы минутта 25 адам қаза тапты, ауыр жарақат алған 2 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, қалғандарын іздеу жалғасуда", - деп хабарлады Украинаның бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

"Апаттар мен ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу ережелерін бұзу және оларға дайындық туралы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 28 адам болған, оның ішінде жеті офицер және 21 курсант. 25 адам қайтыс болды, екеуі тірі қалды, біреуі ауыр жағдайда. Қазіргі уақытта төртеуінің тағдыры белгісіз", - деп жазды Telegram-да облыстық мемлекеттік әкімшіліктің жетекшісі Алексей Кучер.

Еске салсақ, осыған дейін бір сағат бойы әуеде Алматыға қона алмай жүрген ұшақ жайлы Air Astana жауап берген болатын.

Талқылау