Швейцариялық Rolex компаниясы Қазақстанның Әділет министрлігін сотқа берді
Швейцариялық Rolex SA маркалы сағаттар өндірушісі Қазақстанның Әділет министрлігін сотқа берді. Істі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты қарайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Alex Kraus/Bloomberg
Сот ұйғарымына сәйкес, әлемге әйгілі компания өз талап арызында апелляциялық кеңестің 2024 жылғы 20 ақпандағы шешімін заңсыз деп тануды және 09, 14-сыныптағы тауарларға және 35-сыныптағы қызметтерге қатысты COSMO тауар белгісін тіркеуді талап етеді.
Айта кетейік, халықаралық жіктеу бойынша тауарлардың 09-сыныбына басқалармен қатар уақыт сағаттары, ал 14-сыныпқа механизмдер, сағат тілі мен шыны кіреді.
Бұл іс бойынша алдын ала тыңдау 20 мамыр таңертең WhatsApp қосымшасында мобильді бейнеконференция арқылы өтеді деп жоспарланған еді.
Әділет министрлігі аталған жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді