Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швецияда мектепте атыс болып, салдарынан 11 адам мерт болды

Швецияда ересектерге арналған білім беру орталығында атыс болып, салдарынан он бір адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: TT News Agency/Kicki Nilsson 

Швеция премьер-министрі Оребро қаласындағы білім орталығында болған шабуылды "ауыр күн" деп атады.

Полиция қылмыскердің мотивін әзірге анықтамады. Алайда сол шабуылды ұйымдастырған адам өзі өліп кеткен.

Жергілікті полиция басшысы Роберто Эйд Форест баспасөз мәслихатында нақты 11 адам қаза тапқанын, бірақ әлі де жәбірленушілер болуы мүмкін екенін айтты. 

Оқиға Стокгольмнен батысқа қарай шамамен 200 км жерде орналасқан Оребро қаласында ресми білімін аяқтамаған, жоғары оқуды жалғастыру үшін бағасын өзгерткісі келетін ересектерге арналған Рисбергска мектебінде болды. Бірақ онда балалар да болған еді.

Король Карл XVI Густав халқына көңіл айтты.

Швеция – 10 миллион халқы бар, соңғы жылдары ЕО-да жан басына шаққандағы қарулы зорлық-зомбылық деңгейі жоғары ел. Швецияда еуропалық стандарттар бойынша қаруға иелік ету деңгейі жоғары, бірақ ол Америка Құрама Штаттарына қарағанда әлдеқайда төмен.

Талқылау