Швецияда дельта-штаммның мутацияланған түрі табылды
Швецияның Упсал қаласында коронавирустың дельта-штаммының мутацияланған түрі табылды. Қазірдің өзінде вирустың жаңа түрін сегіз адам жұқтырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Upsala Nya Tidnin басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, тұрғындар мутацияланған вирусты Испаниядан Португалияға бара жатқанда, пойызда жұқтырған. Дәрігерлер науқастардың E484Q мутациясын жұқтырғанын айтады. Ауруға шалдыққандардың екеуі – вакцина салғызғандар. Дегенмен, мамандар аурудың жеңіл формада өтіп жатқанын жеткізді, науқастар ауруханаға жатқызылмаған.
Айта кетсек, әлемде 400 адам вирустың осы түріне шалдыққан. Алайда олардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Алматылық зейнеткердің ForteBank депозитіндегі ақшасы екі рет ұрланған: Ол ақшасын 4 жылдан бері қайтара алмай жүр
74 жастағы зейнеткердің ForteBank-тің клиенті болғанына он жылдан асқан