Шұғыл қан керек: Қарағандыда жарылыстан зардап шеккен отбасының туыстары елден көмек сұрады
Қарағанды облысында жер үйлердің бірінде болған жарылыстан зардап шеккендерге шұғыл түрде қан керек. Өртенген үйден шығарылған Даниил Ефимов пен оның ғашығы Анна Шилина әлі жансақтау бөлімінде ауыр күйде жатыр, деп хабарлайды КТК.
16 жастағы Аннаның денесі 50, ал 24 жастағы Даниилдің денесі 60 пайызға күйіпті. Қыз бала аздап көзін ашса, Даниил екі күннен бері ес түссіз жатыр. Дәрігерлер күйген жерлерден қанға өткен токсиндерді тазалау үшін, көп қан керектігін айтқан. Сондықтан туған туыс, жақын жуықтың барлығы кешелі бері қан тапсырып жатыр екен. Бірақ ол жеткіліксіз дейді туғандары. Естеріңізге салсақ, Шахтинск қаласы маңындағы жер үйде газ баллоны жарылысынан өрт тұтанған еді. Үйдегі қалған Даниил мен Анна оттан шыға алмай оңбай күйген. Оларды үйдегі өттен шалажансар күйде көршісі көтеріп алып шыққан. Ал ерік бермеген қызыл жалын екі пәтерлі жер үйді тұруға жарамсыз етіп тастады. Газ баллонының жарылуына нақты не себеп болғанын қазір мамандар анықтап жатыр.
“Өтінемін, көмеккке мұқтаж болып тұрмыз. Өйткені бүгін қан тапсыруға барған 5 адамның екеуінен ғана қан алды. Тұмаумен немесе басқа да аурулармен ауыратын барлар донор бола алмайды екен. Қан тапсырамын деушілер болса алғыстан басқа айтарым жоқ. Үй мен дүние-мүліктен дым қалмады, бірақ балалардың өмірі мен үшін бәрінен қымбат”, – дейді зардап шегушінің анасы Елена Ефимова.
Жіберіп алмаңыз:
Алматылық азамат асқазаны бітеу туған 1,5 жасар ұлы үшін елден көмек сұрады
Қазақстандықтар жаппай тілеуін тілеген 5 жасар Оразәлі қайтыс болды
Жесір әйелді жасырын жыныстық қатынасқа шақырған діндар оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Астаналық жігіт 500 теңгенің затын алып 19 500 теңге пайда көрген