Шоу-бизнес жұлдыздары салық төлемеу үшін табысын төмен көрсеткен
Алматы салық департаменті шоу-бизнес өкілдеріне салық сала бастады. Бұл туралы қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шоу-бизнес пен концерттік бағдарлама аясында кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалар өз табыстарын әдейі төмендетіп көрсеткен.
«Жыл басынан бері Айқын, Ернар Айдар, «Шаншар», «Алдараспан» театрларының концерті, сондай-ақ шетелдік Полина Гагарина, Павел Воля, Вячеслав Бутусовтың концерттеріне салықтық тексеру жүргізілді.
Олардың көбі шын мәнінде тапқан табысын 10 есе төмендетіп көрсеткен», – деді баспасөз қызметінен.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”