"Шошқа еті деп айтты": Тараздағы кафелердің бірі иттің етінен тағам ұсынған
Тараздағы кафелердің бірі ас ішуге келген тұтынушыларына шошқа еті деп, иттің етінен ас ұсынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тараз қаласы Қолбасшы Қойгелді көшесі № 283 мекенжайда орналасқан "Антрекот" кафесінің бұқтырылған шошқа қабырғаларынан сынама алған облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары астың иттің етінен дайындалғанын анықтаған.
Депутат Сергей Снигиревтің айтуынша, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасалып, кафе егесіне айыппұл салынып, кемшілікті жою туралы санитарлық нұсқама берілген. Сондай-ақ Тараз қалалық полиция басқармасына хаттар жіберілген.
Аталған оқиғадан соң "Заря", "Суши лав", "ДИРД" кафелері де санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарымен тексеріліп, олар жануарлардың ДНҚ-сына дайын өнім мен шикізаттың 20 сынамасын алды.
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр