ШҚО-лық тергеуші 26 жыл бұрын әкесінің қызына жазған хатын тауып, иесіне табыстады
ШҚО тергеушісі Айдана Серікова 1996 жылы Риддерде жасалған қылмысты тергей келе әкесінің қызына жіберген хатын тауып алды. Ол араға 26 жыл салып, марқұмның туыстарына аманатын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Тергеуші марқұмның туыстарын әлеуметтік желі арқылы іздеп, бір ай дегенде тапты. Қазір анасымен бірге Самарада тұратын қызына 26 жыл бұрын алуға тиіс болған хатты жеткізді. Сондай-ақ тергеуші бейнебайланыс арқылы марқұмның жесірімен тілдесті.
Айдана Серікқызы хатты жоя алмағанын айтады. Себебі онда "бір адамның өмір тарихы, қызы мен әйеліне жеткізе алмаған махаббаты, сағынышы бар".
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты