ШҚО-дағы өрт: Тағы бір ауыл тұрғындары эвакуацияланды
Шығыс Қазақстан облысында табиғи өртпен күрес жалғасуда. Тағы бір ауылдың тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алтай аймағында Зырян орман шаруашылығы, Быковский орман шаруашылығы аумағында шөптер мен бұталар өртеніп жатыр.
“Сөндіру жету қиын таулы жерлерге байланысты қиындайды. Алдын ала өрт аумағы 700 гектарды құрайды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ”, – деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өртті жоюға 300 адам мен 22 техника, оның ішінде тікұшақ жұмылдырылды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"