ШҚО-да жарық бағасы 10 пайызға қымбаттайды
Шығыс Қазақстан облысында шілде айынан бастап жарық бағасы 10 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өңір халқын жарықпен қамтамасыз етіп отырған "Шығысэнерготрейд" ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментіне электр энергиясының шекті бағасының көтерілетіні туралы мәлімдеді.
"Энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын сату бағасы 1 маусымнан бастап 33%-ға дейін өсті. Талдау жүргізу барысында электр энергиясының орташа сату бағасы бір кВт/сағ үшін ағымдағы шекті баға 21,042 теңгеден 12%-ға артып, 23,595 теңгені құрағаны белгілі болды. Соған байланысты шілде айынан бастап тұрмыстық тұтынушылар үшін тариф өсімі - 10%, әлеуметтік маңызы бар өнім өндірушілер үшін - 12%, бюджеттік ұйымдар және заңды тұлғалар үшін - 18%-ды құрайды", – делінген хабарламада.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді