Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да еске алу асынан кейін 7 адам коронавирус жұқтырып алды

Өскеменде өткен еске алу асында жеті адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

басқосу

2020 жылдың 30 мамырында Асубұлақ ауылының тұрғыны күйеуімен бірге Өскеменге еске алу асына барған, онда олардан басқа тағы 16 адам болды. Кейін жиналғандардың бәрі Алтай ауданына барды, онда тағы екі адаммен байланыс жасады. 31 мамыр күні отбасы Асубұлақ ауылына оралды. 3 маусымда әйел өзін нашар сезініп, дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілді, әлсіздік пайда болды. Содан кейін ол № 4 Өскемен қалалық ауруханасынан медициналық көмек сұрады. Әйелдің ПТР-тесті COVID-19-ға оң нәтижені көрсетті.

2020 жылғы 12 маусымдағы тест қорытындысы бойынша осы әйелмен байланыста болған тағы 6 адамнан коронавирус табылды. Бүгінгі дейін олардың бәрі жеңіл карантинге жіберілді, көршісін қоспағанда,  ол жеңіл белгілермен Өскемен қаласының № 1 қалалық ауруханасына жатқызылды. 

Қазіргі уақытта жұқтырудың бастапқы көзі анықталып жатыр, ауру адаммен байланыста болған 33 адам және олардың мекен-жайлары анықталды. Үй карантинінің талаптарын сақтау туралы хабарлама беріліп, байланыста болған адамдармен түсіндіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, Асубұлақ кентінде, Таврия ауылында жұқтырған 6 адамның байланыс шеңбері анықталып, ПТР-ға талдаулар алынып жатыр. 

Полиция бөлімі үй карантиніндегі науқастарды бақылауды күшейтеді. "Контактілер" шеңберінің ұлғаюына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

"Осылайша, бірінші кезекте өз қауіпсіздігіне жауапсыздық, карантиндік шараларды сақтамау және уәкілетті органдардың талаптарын елемеу 7 адамның жұқтыруына алып келді", - деді ШҚО бас мемлекеттік дәрігері Марат Исмаилов. 

Ол барлығын отбасылық, еске алу және басқа шараларды өткізбеуге, карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Талқылау