ШҚО-да екі баланың анасы полиция көлігінің капотына шығып, фото түсірген

Фото: depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысында екі баланың анасы полиция көлігінің капотына шығып, фото түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алтай ауданының полиция бөлімшесіне тиесілі автокөлік көлік жуу тұрағында тұрған. Әйел тұрақта тұрған полиция көлігіне шығып, суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге жариялаған. Әйелдің әрекетіне қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Тегін суши үшін адамдар бір-бірін таптай жаздаған: Дәмхана иесі айыппұл арқалады
“Осылайша әйел билік өкілдеріне деген құрметсіздігін ашық түрде көрсетті”, – деп қорытындылады сот.
Әйелге "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айып тағылды. Кәмелетке толмаған балалары болғандықтан, әйел қамауға алынған жоқ. Оған 55 048 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Еске салсақ, жалғызбасты әйелден 100 мың теңге пара сұраған полиция қызметкері 7 жылға сотталған.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген