ШҚО-да екі адам қарумен тойға басып кірген (видео)
Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан тойға қаруланған адамдар басып кіріп, оқ атқан. Оқиға 1 қаңтарда болды. Кейін мейрамхана ішінде түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан екі адамның мейрамханаға кіріп, оқ атқанын көруге болады. Полицияда шабуылды дұшпандық қарым-қатынас негізінде жасалғанын мәлімдеді.
"Күдіктілер анықталып, біреуі уақытша қамау изоляторына қамалды. Үржар ауданы полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тергеу жұмыстары басталды. Аталмыш бапта 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастылырған", – деді ШҚО полиция департаментінде.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде