ШҚО-да дауылдан шатыр астында қалған 82 жастағы қария көз жұмды
Өскеменде дауылдан зардап шеккен қария емханада көз жұмды, деп хабарлайды Қазақпарат.

82 жастағы Шерияздан Исанов тыл ардагері. Оның қабырғасы бірнеше жерден сынып кеткен. Дәрігерлер қарияның көп қан жоғалтқанын айтқан еді.
Өскеменде осы дүлей дауылдан 5 адам зардап шекті. Жарақат алғандардың ең үлкені 82 жастағы ардагер. Қарияның үстіне желдің екпініне шыдамай қираған үйдің шатыры құлапты.
Ал төтенше жағдай қызметкерлері дауылдың болатынын өзіміз де білмедік деп отыр. Ауа райын болжау орталығы құтқарушыларға ешқандай ескерту жасамапты. Себебі олар да күннің құбылуын дөп көрсететін құрылғы жоқ екен.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді
Қызметкер: "Бізде бәрі осылай істейді" деген сөздер айтылды"
Желіде 69 жастағы қазақстандық әжейдің ұзату тойы талқыға түсті: Ол мұны елу жыл бойы армандаған
Тойда қалыңмал беріліп, киіт ашылып, дәстүрлі жөн-жоралғылар орындалған көрінеді