Жамбыл облысы тұрғыны 42 жасында алғаш рет жеке куәлік алды

Жамбыл облысында шалғай таулы аймақта малшы болып жұмыс істеген Самат Жанеков 42 жасында алғаш рет Қазақстан азаматының жеке куәлігін алды. Бұған дейін өмір бойы құжатсыз жүрген азаматқа көші-қон қызметінің мамандары құқықтық мәртебесін рәсімдеуге көмектескен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облысында шалғай таулы аймақта малшы болып жұмыс істейтін ер адам 42 жасында алғаш рет жеке куәлік алды.
Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, Қордай аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі Самат Жәнековке құқықтық мәртебесін анықтап, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуына көмектескен.
"Самат Жанеков өмір бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген. Құжаттарының және тұрақты тұрғылықты жерінің болмауына байланысты ол ұзақ жылдар бойы қиын өмірлік жағдайда болып, азаматтық құқықтарын толық пайдалана алмаған", – деп мәлімдеді Жамбыл облыстық полиция департаменті.
ОқыңызКейінгі бірнеше жылда ер адам Қордай ауданының шалғай таулы аймағында малшы болып еңбек еткен. Полиция қызметкерлері архивтік мәліметтерді жинап, жеке деректерін тексеріп, тиісті сұраулар жолдап, қажетті құжаттардың толық пакетін дайындаған. Барлық кезеңде оған кеңестік әрі практикалық көмек көрсетілген.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Самат Жанековтің құқықтық мәртебесі анықталып, оған жеке басын куәландыратын құжат алу мүмкіндігі берілді. 2026 жылғы 20 мамырда ол алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды.
Самат Жәнеков көші-қон қызметінің қызметкерлері мен "Аяла" отбасын қолдау орталығына алғысын білдіріп, көрсетілген көмектің өз өміріндегі жаңа кезеңге бастар маңызды қадам болғанын айтты.
Еске салайық, бұған дейін Германияға “кеш қоныс аударушылар” бағдарламасы арқылы көшуді жоспарлаған қазақстандық азамат сот арқылы құжаттарындағы ұлтын итальяннан неміске өзгерткен еді. Талапкер әке жағынан неміс әжесі барын алға тартып, өзін неміс ұлтына жатқызуға негіз бар екенін мәлімдеген. Сот оның өтінішін қанағаттандырып, құжаттарындағы ұлты туралы деректі өзгертуге рұқсат берді.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді