"Сенім – бизнестің жаңа валютасы": Алматыда PR-форум өтті

"Сенім – репутацияның басты құрамдас бөлігі және бизнестің жаңа валютасы": Алматыда Қазақстандағы PR және коммуникация саласының басты кәсіби форумы өтті.
22 мамырда Алматыда 22-інші Халықаралық PR-Форум өз жұмысын аяқтады. Дәстүрлі түрде бұл алаң Қазақстан Республикасы мен өңір елдеріндегі кәсіби PR-қоғамдастық өкілдерін біріктіріп, коммуникацияның рөлі, жаңа трендтер мен саланың өзекті сын-қатерлерін талқылауға мүмкіндік берді.
Биылғы PR-Форумның негізгі тақырыбы сенім болды. Қазір компания репутациясын қалыптастыруда сенімнің құндылығы мен маңызы алдыңғы қатарға шыққан. Брендті кім басқарады, оған деген сенім қалай қалыптасады және сыртқы әрі ішкі сын-қатерлер жағдайында репутацияны қалай басқаруға болады? Форум қатысушылары мұның бәрін және өзге де маңызды мәселелерді екі күн бойы талқылады.

Форум бағдарламасы кең ауқымды тақырыптарды қамтыды, соның ішінде:
- стратегиялық коммуникациялар және оларды қалыптастырудағы бірінші басшының рөлі;
- жасанды интеллекттің брендті дамыту құралы ретіндегі мүмкіндіктері;
- күрделі мақсатты аудиториялармен жұмыс: салалық, буынаралық және мультикультуралық коммуникациялар;
- коллаборациялар арқылы кешенді міндеттерді шешу және басқа да өзекті мәселелер.
Іс-шара қонақтарын тек мазмұнды презентациялар, трендтегі PR-кейстер мен қызу пікірталастар ғана емес, сонымен қатар интерактивті сессиялар да күтті. Оның аясында қатысушылар кәсіби дағдыларын жетілдіріп, жаңа білім алып қана қоймай, оны бірден пресс-релиздер дайындауда, фото және бейнематериалдар жасауда, презентациялар әзірлеуде және екінші деңгейлі деректерге талдау жүргізуде қолдану мүмкіндігіне ие болды.

Дәстүр бойынша PR-Форум аясында Ұлттық корпоративтік медиа байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі, BEST PR PRACTICE байқауы жеңімпаздарына сыйлық табыстау, сондай-ақ "PR-шы" клубы мен қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық қауымдастығының (НАСО) 25 жылдығына орай сала дамуына қосқан үлесі үшін арнайы марапаттар беру рәсімі өтті.
"Бүгінде сенім кез келген брендтің басты материалдық емес активіне және тұрақты репутацияның негізгі факторларының біріне айналып отыр. Сондықтан биылғы Форумның басты назарында жылдам өзгеріп жатқан ақпараттық орта жағдайында сенім қалыптастырудың практикалық құралдары тұр. PR-Форум алаңының тағы да жетекші сарапшыларды, бизнес өкілдері мен кәсіби қауымдастықты ашық диалог, тәжірибе алмасу және саланы дамытуға арналған жаңа шешімдерді іздеу мақсатында біріктіргеніне қуаныштымыз", – деп атап өтті Асель Караулова, Қазақстан пресс-клубы/PG Communications коммуникациялық тобының президенті, "PR-шы" клубының тең құрылтайшысы және ҚР НАСО кеңесінің төрайымы.
Іс-шараны Қазақстандық PR мамандарының "PR-шы" клубы мен Promo Group Communications (PG Communications) коммуникациялық агенттігі Қазақстан Республикасының Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық қауымдастығының (НАСО РК) қолдауымен ұйымдастырды.

PR-Форум 2026-ның бас серіктесі Halyk Bank болды. Форумның өтуіне сондай-ақ KAZ Minerals тобы, Yandex Qazaqstan, Kcell, Carlsberg Kazakhstan, БанкЦентрКредит, Halyk Life, Air Astana, AlmaU университетінің Медиа және кино мектебі, сондай-ақ Алматы қаласының заманауи өнер музейі (Almaty Museum of Art) мен ABR қолдау көрсетті. Іс-шараның ақпараттық серіктестері қатарында Қазақстан пресс-клубы, Nabroski медиа агенттігі, салалық PRDrive басылымы, сондай-ақ Stan.kz, BES.Media, Bizmedia, Nur.kz, Zakon.kz, Optimism.kz және Kazakhstan Growth Forum болды.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді