Hyundai тежегіш жүйесі зақымданып, 421 мың көлігін кері қайтарған

Hyundai компаниясы бағдарламалық қамтамасыз етудегі ақауға байланысты 2025-2026 жылғы 421 мың көлігін кері қайтарып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Hyundai компаниясы көлік қозғалысы кезінде тежегіш жүйесінің күтпеген жерден іске қосылу қаупіне байланысты 421 мың автокөлігін кері қайтарып жатыр.
Мәселенің себебі бағдарламалық қамтамасыз етудегі қате. Ақау көлік жүріп келе жатқанда тежегіш жүйесінің өздігінен іске қосылуына әкелуі мүмкін.
Кері қайтаруға 2025 және 2026 жылғы мына модельдер кірді:
- Santa Cruz пикаптары;
- Tucson кроссоверлері, соның ішінде Tucson Hybrid және Tucson Plug-In Hybrid гибрид нұсқалары.
Компания өкілдері көлігі осы науқанға кіретін иелерге ресми хабарлама жібереді. Ақау ресми дилерлік орталықтарда электронды басқару блогының бағдарламасын тегін жаңарту арқылы түзетіледі.
Еске салайық, бұған дейін Қытайдың Ухань қаласында Apollo Go роботаксилерінің жүйелік ақауынан жүздеген жүргізушісіз көлік көшенің ортасында тоқтап қалған еді. Оқиға салдарынан жол қозғалысы қиындап, бірнеше жеңіл соқтығыс тіркелген. Полиция зардап шеккендер болмағанын мәлімдеді. Кейін компания ақауды жою жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның нақты себебі тексеріліп жатқанын хабарлаған.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді
Оқыңыз