Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ісік анықталды”: Блогерлер Арман мен Карина ота алдында әкесінің көңілін көтерді

Блогерлер Арман және Карина
Фото: instagram.com/yussupov21

Танымал блогерлер Арман Жүсіпов пен Карина Оуксукбаеваның әкесінен ісік анықталды. Оның қатерлі не қатерсіз екені әзірге белгісіз, ал алда ота күтіп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы сәтте Арман мен Карина әкелерінің көңілін көтеріп, уайымын аз да болса сейілткісі келген. Сондықтан олар оған көптен жоспарлап жүрген ROX 01 автокөлігін сыйлады.

"Қазір әкеміздің отаға дайындалып жатқан кезеңі. Өзі қатты уайымдап жүр. Біз Карина екеуміз бұл сәтті бұрыннан жоспарлап жүргенбіз. Бәрі осылай сәйкес келіп, осы маңызды кезеңнің алдында көңілін көтергіміз келді”, – деді блогер.

Арманның айтуынша, әкесі отбасындағы балаларды мектепке, түрлі үйірмелерге апарып-әкелуге көп көмектеседі. Сондықтан бұл көлік оған қажет әрі орынды сыйлық болған.

"Әкеміз балаларды секцияға, мектепке өзі тасиды. Бұл – оның жауапкершілігіндегі нәрсе. Сондықтан бұл көлік дәл керек уақытта берілген сыйлық болды деп ойлаймын. Жұбайыма қолдауы мен осы ойды іске асыруға көмектескені үшін рахмет. Бүгін біздің тағы бір арманымыз орындалды”, – деді ол.

Отбасы үшін қиын кезеңде жасалған бұл сыйлық көпшіліктің жүрегін елжіретті. Желі қолданушылары Арманның әкесіне саулық тілеп, отбасына қолдау білдіріп жатыр.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 22 Мамыр, 2026 17:20