Қазақстандықтар арасында ипотека мен автонесиеге сұраныс азайған – Ұлттық банк

Қазақстандықтар арасында ипотека мен автонесиеге сұраныс азайған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банк мәліметінше, банктер 2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша ипотека мен автонесие сегментінде сұраныс төмендегенін хабарлаған.
“Есепті тоқсанда кейбір банктер сыйақы мөлшерлемелерін көтеріп, оның үстіне тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі қысқарғандықтан, ипотекалық қарыздарға сұраныс азайды. Осылайша, ипотека бойынша өтінім саны 21% азайып, 191 мың болды. Ал сұралатын қарыздың орташа мөлшері – 20,5 миллион теңге”, – делінген Ұлттық банк есебінде.
Ал автонесиеге сұраныстың төмендеуіне жаңа көлік бағасының арзандауы мен соның әсерінен автодилерлер ұсынатын субсидияланатын несие өнімдеріне сұраныстың азаюы себеп болған. Осылайша өтінім саны 20% қысқарып, 1,2 миллион болған. Ал сұралатын соманың орташа мөлшері 12% өсіп, 7,2 млн теңгеге жеткен.
“2026 жылғы ІІ тоқсанда банктер ипотекаға сұраныс артады деп күтеді. Бөлшек несиелеудің басқа сегменттері бойынша сұраныс 2026 жылғы І тоқсан деңгейінде сақталады деген болжам бар. 2026 жылғы I тоқсанда кредиттеу бойынша банктер арасында жүргізілген сауалнамаға екінші деңгейлі 21 банк қатысты”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың ипотека мен несие алуы қиындай түсетіні туралы жазған едік.
"Ұлымды ұрды, заттарын жоғалтты": Алматылық ана ұлының "Жаңа Ұрпақ" лагерінде қорлық көргенін айтып берді
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Оқыңыз