Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлеріне президент атынан 60 пәтердің кілті табысталды

Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Пәтер кілттері мен марапаттарды премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.
Кәсіби мерекемен құттықтаған Балаева мемлекет басшысының атынан мәдениет және өнер саласының өкілдеріне берілген наградалар олардың қажырлы еңбегіне және ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесіне көрсетілген жоғары құрмет екенін атап өтті.
"Мемлекет басшысының қолдауы тек марапатпен ғана шектелмейді. Сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, оның ішінде тұрғын үй мәселесін шешу бағытында да нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы Президент атынан Астана қаласында мәдениет және өнер қызметкерлеріне пәтер сертификаттары табысталды. Биыл бұл игі бастама жалғасып, Алматы қаласында да сала өкілдеріне пәтер кілті табысталмақ", – деді Аида Балаева.
ОқыңызОсылайша президент атынан мәдениет және өнер саласының өкілдеріне 60 пәтердің кілті табысталды. Тұрғын үй қолдауына ие болғандардың қатарында жетекші театрлар мен музыкалық ұжымдардың, білім беру ұйымдарының, кітапханалар, мұрағаттар, музейлер, баспа және әдебиет саласының өкілдері, сондай-ақ мәдениет мекемелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген мамандар бар.
Бес адам тұрғын үй сертификаттарын кеше мемлекет басшысының өз қолынан алған еді.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Мақпал Жүнісова, Азат Сейітметов, Асан Мәжит тағы бірқатар өнер адамдарын марапаттағаны туралы жазған едік.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді