Ондаған жаңа заң: Ерлан Қошанов Тоқаевқа мәжіліс қызметі туралы есеп берді

Тоқаев мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, президентке конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша палатаның атқарған қызметі туралы мәлімет берілген.
“Мәжіліс төрағасы парламент жаңа Ата заңның нормаларын іске асыруға жол ашатын жеті конституциялық заңды сапалы әрі уақтылы қабылдағанын айтты. Соның ішінде "Президент туралы", "Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы", "Қазақстан Халық Кеңесі туралы", "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы", "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" және басқа да конституциялық заңдар бар”, – делінген хабарламада.
ОқыңызСондай-ақ Ерлан Қошанов мәжіліс сессиясы басталғаннан бері 89 заң қабылданып, Сенатқа жолданғанын атап өтті.
Олардың арасында:
- Құрылыс, Цифрлық кодекстер;
- жасанды интеллект, банк және банк қызметі, құқықбұзушылықтың алдын алу, Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерге өзгерістер енгізу;
- мемлекеттік қызмет, мемлекеттік наградалар, ғылым мәселелері, педагог мәртебесін көтеру,
- жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жеке сот орындаушылар қызметі және басқа да заңдар бар.
Мәжіліс төрағасы депутаттардың қарауында 80 заң жобасы жатқанын мәлімдеді.
“Мәжіліс сессия соңына дейін Жоғары аудиторлық палата төрағасының ғылымды дамытуға бөлінген қаржыны орынды жұмсау, былтырғы республикалық бюджетті игеруге қатысты Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есебін және депутаттардың аймақтарға сапары кезінде сайлаушылар тарапынан түскен өтініштердің нәтижелері бойынша Үкіметтің ақпаратын тыңдауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін парламент Құрылтай туралы заңды қабылдағаны туралы жазған едік. Заңға сәйкес, мәжіліс пен сенаттың орнына келетін бір палаталы Құрылтай бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады. Құжатта депутаттардың құқықтары мен міндеттері, депутаттық бірлестіктерді құру, парламенттік көпшілік пен оппозицияның жұмысы, депутаттық әдеп қағидалары бекітілген.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді
Қызметкер: "Бізде бәрі осылай істейді" деген сөздер айтылды"
Желіде 69 жастағы қазақстандық әжейдің ұзату тойы талқыға түсті: Ол мұны елу жыл бойы армандаған
Тойда қалыңмал беріліп, киіт ашылып, дәстүрлі жөн-жоралғылар орындалған көрінеді