ШҚО-да бес ай бұрын жоғалған балықшының денесі табылды
Шығыс Қазақстан облысында осыдан бес ай бұрын жоғалып кеткен балықшылардың бірінің денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қара Ертіс өзеніндегі Кендірлік учаскесі маңынан 1981 жылы туған балықшының денесі табылды. Оны облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздеу жұмыстарын қайта бастау нәтижесінде тапты.
"Іздеу қайықтың көмегімен жүргізілді, қайтыс болған балықшының денесі оқиға орнынан 30 шақырым жерде табылды. Ал 1990 жылы туған екінші балықшыны іздеу жұмыстары әлі де жалғасады", - делінген хабарламада.
Алматыда екі жасар қызымен жоғалып кеткен келіншек табылды
Айта кетейік, 2020 жылдың 20 қарашасында екі ер адам балық аулауға кетіп, сол күйі оралмаған. Құтқарушылар 26 күн ішінде 6-дан 9 метрге дейінгі тереңдікте 145 сүңгуірлерді түсірген. Іздеу жұмыстарының жалпы ауданы 16,291 шаршы шақырымнан асқанымен, іздеу нәтиже бермеді.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған