ШҚО-да 35 оқушы отырған автобус апатқа ұшырады
Шығыс Қазақстан облысында ауыр жүк көлігі мен мектеп оқушыларына лық толған жолаушылар автобусы бетпе-бет соқтығысты. Сегіз бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Қоғамдық көлікте Шемониха ауданына жарысқа бара жатқан 35 оқушы отырған. Балалар мінген автобусты жол патрульдік полицясының көлігі бастап бара жатқан екен. Болжам бойынша, Howo жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып, жолға көлденең тұра қалған. Оған автобус келіп соғылады. Апаттан автобустағы 8 бала зардап шекті. Оның біреуінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Милана Хамитова, Өскемен қалалық Ана мен бала орталығы директорының орынбасары: - Бір қыз баланың жағдайы ауыр. Бас сүйегі сынған, жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуінің аяғы сынған. Тағы екеуінің миы шайқалған. Қалғандарының жағдайы орташа, өмірлеріне қауіп жоқ.
Талқылау

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес

"Салқын суға салсаң, бояуы шығады": Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының шайы халықтың көңілінен шықпай қалды
Экономист: "Шай плантациясы жоқ елде толыққанды өндіріс болмайды"