Шыршаны безендіру кезінде құлап кеткен мұғалімнің ісі: Семейде білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды
Абай облысының білім басқармасы Семейдегі жаңа жылдық шыршаны безендіруге мұғалімдерді тарту фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің айтуынша, заңсыз жұмысқа үш мектептің үш мұғалімі тартылған.
"Тәртіптік жауапкершілікке мектеп директорлары тартылды. Семей қаласының білім бөлімінің басшысы өз лауазымынан босатылды. Бұл мәселе облыс әкімі мен оқу-ағарту министрінің бақылауында", – деді ол.
Еске салайық, Семейде жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалім ауыр жарақат алып, реанимацияға түсті. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оның отбасына қолдау білдіріп, мұғалімдерді өзіне тән емес жұмысқа тартудың "Педагогтың мәртебесі туралы" заңға қатаң қайшы келетінін мәлімдеді.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?