Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шынымен бай адаммын": Түрмеден шыққан Алмазбек Атамбаев өзінің жинаған дәулеті туралы айтты

Қырғызстанның бұрынғы басшысы түрмеден шыққан Алмазбек Атамбаев Қой-Таш ауылындағы резиденциясында баспасөз мәслихатын өткізіп, өзінің байлығы туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg порталына сілтеме жасап.

Бұған дейін Атамбаев жұбайы Раиса Атамбаеваның өзі жоқта қаржылық қиындықтарға тап болғанын айтқан болатын. БАҚ өкілдері оның қазіргі жағдайы қалай екенін сұрады. 

"Мен миллиардер емес, мультимиллиардер екенімді айттым. Себебі сол кезде менде 1 миллион доллар болмады. Райдың (Раиса Атамбаева) есепшотында әлі ақша бар. Тек олар бұғатталған. Менің мына үйім мен 90-жылдары сатып алған жерлерім жақсы ақша тұрады. Оның үстіне салынған мешіт менің территориямда – менің жеке меншігім. Кейбіреулер екі гектар жерді неге мешіт салуға бердің деп таңқалып жатады. Себебі олар қомақты ақша ұсынды. Мен шынымен бай адаммын", - деді Алмазбек Атамбаев.

Сонымен қатар экс президент  өзін қолдаған қарапайым халыққа алғыс айтты. Тіпті сөзінше, қарапайым халық жұбайы Раисаға сауда жасаған кездерінде жеміс-жидекті тегін берген екен.

"Моральдық болсын, материалдық жағынан болсын қарапайым халық көп көмектесті. Жұбайым қатты қиналып, мұқтаж болған кездер де болды. Сол кезде қарапайым адамдар кездесіп, оған 500-1000 сом берген. Қырғызстандықтарға ризамын. Өйткені олар кейбір саясаткерлер сияқты ешқашан сатпайды", - деді ол.

Алмазбек Атамбаев емделгеннен кейін саясатқа қайта оралуын “уақыт көрсетеді” деп қысқа қайырды.

Талқылау