Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шыңғырған ұл шыңға шықты": Димаш Құдайбергеннің ұлттық құндылықтар туралы айтқан ойын Дина Төлепберген қолдады

Танымал журналист Дина Төлепберген халық әртісі Димаш Құдайбергеннің құндылықтар жөнінде айтқан ойына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/

Айта кетейік, өнер иесі “New Vision: Бизнес күші” жаһандық бизнес-форумында құндылықтар тақырыбын көтеріп, көпшілікті сүйсінткен еді. 

“Әлемдік мега жұлдыз Димаш Құдайберген күні кеше толғандырып, тебірентер сөзімен жүректі қозғады. Мен Димашты 2011 жылдары “Саз әлемі" бағдарламасынан білемін. Кезінде мен де сарапшылар тізімінде болған едім. Алайда "шыңғырғандардан қорқамын" дегендер болып еді. Шыңғырады деген ұл қазір шыңға шығып, шын талант екенін әлемге мойындатты. Расында да қазақтың маңдайына біткен марқасқа. Ата-әженің тәрбиесімен сусындап, өнерді сіңірген өнерпаз. Алға Димаш!" – деп жазды Дина Төлепберген. 



Сондай-ақ медиа саласының өкілі халық әртісінің сөйлеген сөзінің видеосын жеке парақшасында бөлісті. 

“Әлемде бейбітшілік болуы керек. Отанға деген құрмет болуы қажет. Тілге деген құрмет болуы керек. Ана тілің –арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте", – дейді Димаш видеода. 

Еске салайық, Димаш Құдайбергенмен сегіз жыл жұмыс істеген қытайлық мамандар оның қандай адам екенін айтқан еді. 

 

Талқылау