Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік студент жасырын босанып, баладан бас тартқан: Алайда кейін бір ғажайып орын алды

Шымкентте 19 жастағы студент қыз ата-анасының көңіліне қаяу түсірмеу үшін баласынан бас тартқан. Алайда перзентханаа оны ауылдан келген таныстары көріп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Отырарға” сілтеме жасап. 

Арайлым (ойдан құралған есім) дені сау ұл баланы дүниеге әкеліп, бірден одан бас тартатынын жазды. Айтуынша, ата-анасы жасы келген кісілер, некеден тыс дүниеге келген сәбиді қабылдамайды. Әкесінің жүрегі ауырады, сондықтан немересі жайлы естісе шыдамауы мүмкін. 

Өкінішке қарай, Шымкентте осыған ұқсас жағдайлар көп кездеседі. Перзентханадағылар қыздың бас тартатынын білгенде "Аналар үйіне" хабарласқан, көп ұзамай бикеш психологпен тілдескен. 

Арайлымды ата-анасы оқуға жіберген. Аз уақыттанкейін ол жігітпен танысып, ақырында одан жүкті болған. Бұл туралы білгенде мерзімі әжептеуір ұлғайған, түсік жасатуға кеш. Ал "сүйіктісі" ізін суытқан. Осы уақыт бойы қыз жүктілігін ата-анасынан да, ұстаздарынан да шебер жасырып келген. Барлығы жоспар бойынша жүріп келе жатты, тек перзентханада күтпеген жағдай орын алды.



"Перзентханада оны ауылдан келген танысы көріп қалып, бірден анасына айтып барған. Анасы мен әпкесі тез арада перзентханаға жеткен. Олар айқайлап, тіпті қызды ұра бастады. Ұят деп баланы тастап кетуді немесе біреуге беруді талап етті. Өйткені оларды ешкім түсінбейді, ал әкесі білсе, тіптен жақсы болмайтынын айтты. Мен олармен сөйлесіп, қызға көмектесетінімізді айттым. Баланың еш кінәсіз екенін айттым", - дейді Шымкенттегі "Аналар үйінің" үйлестірушісі Қалдар Жұмабайқызы.

Ақырында қыздың жақындары ауылға қайтқан. Арайлым перзентханадан шыққан соң "Аналар үйіне" барып жайғасты. Жас анаға азық-түлікпен, баспанамен көмек көрсетілді. Тіпті, университеттегі оқуының ақысы төленді. 

Некесіз туылған бала жайлы хабар ауылға тарап кетті. Қыздың ата-анасы өсек-әңгімелерден қашып, басқа жаққа көшуге мәжбүр болды. Ал кейін бір ғажайып орын алды. 

"Біз жігітті, сәбидің биологиялық әкесін таптық. Ол бала жайлы хабарсыз болып шықты. Алматыға көшіп, телефон нөмірлерін ауыстырған. Біз оның ата-анасына барып, немерелері жайлы айттық. Олар қолдап, Арайлымды өздеріне алып кетті. Ал егер ол баладан бас тартқанда не болар еді? Әке-шешесі тірі бола тұра жетім қалар еді", - дейді Қалдар Жұмабайқызы. 

Көп ұзамай Арайлым мен оның жігіті үйленіп, той жасады. Бүгінде Арайлым екі баланың анасы. 

Талқылау