Шымкенттік дәрігерлер денесін қатты күйік шалған балаға 19 рет ота жасады
Шымкентте қатты күйік шалған 10 жасар бала 19 отадан кейін беті бері қарап келеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Жарты жылдан бері ауруханада жатқан баланы темір жол бойында ойнап жүрген кезінде қатты ток соққан.
Оқиға 2022 жылдың 9 қарашасында Шымкент қаласындағы вокзал маңында болған. Қазіргі таңда дәрігерлер ауыр жарақат алған науқасқа 13 рет тері ауыстыру және 6 рет некректомия жасаған.
- "Сырты әдемі болғанымен, іші бос": Алматы облысындағы ауылдардың біріндегі аурухана құрал-жабдықтарсыз, дәрігерлерсіз жұмыс істеп тұр
- Үстіне жанармай құйып, сүйіктісін өртеп жіберген қазақстандықты сот бостандықта қалдырды
Денесін толық күйік шалған бала 3 айға жуық қалалық балалар клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатып, палатаға ауыстырылды.
“Науқас ауруханаға 2022 жылдың 9 қарашасында ауыр жағдайда түскен. Бала жағдайында күйік көлемі үлкен, 65 пайыз. Біздің ауруханада күйіктен емделген уақытта жағдайы едәуір жақсарды”, – дейді Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасының дәрігер-комбустиологы.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы