Үстіне жанармай құйып, сүйіктісін өртеп жіберген қазақстандықты сот бостандықта қалдырды
Түркістан облысында 42 жастағы ер адам сүйіктісіне қастандық жасаған. Ауыл тұрғыны әйел басқа адамға көңіл бөлді деп ойлап, кек қайтармақ болыпты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.

Ер адам бөтелкеге құйылған жанармайды әйелдің басына құйған. Әйел көзіне бензин түсіп кетпеуі үшін енкейген сәтте ол сіріңкемен от қойыпты.
Әйел тірі қалған. Алайда денесінің 10%-ын – басы, мойны, кеудесін күйік шалған. Сот-медициналық сараптамасы қорытындысы бойынша мұны денсаулыққа орташа зиян келтіру деп бағалаған.
Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ 100 сағат түзету жұмыстары бар.
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті
Күтуші балаларды тоқтатпаған және бұлай ойнауға болмайтынын түсіндірмеген
Қазақстандық әйел қызының балмұздақ жегеннен кейін жансақтау бөліміне түскенін айтты
Анасы: "Инфекция баламның бүйрегін зақымдап жатыр"