Шымкенттік ардагерлер киелі жерлерді аралап қайтты
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданның дамуына үлес қосып, сан түрлі салада тұрақты қызмет еткен еңбек ардагерлері тобы киелі Түркістан қаласына саяхаттап келді.

Топта аудандық Ардагерлер кеңесі мүшелері, бастауыш ардагерлер үйінің басшылары мен тыл ардагерлерінен құралған 45 ардагер болды. Олар көне Отырар жеріндегі, Арыстан баб кесенесінде болып, арнайы зиярат жасады.
Сонымен қатар, облыс орталығы болғалы көркейіп, әсем құрылыстар жүргізіп жатқан, танымастай өзгерген, әсем шаһарға айналған Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне де зиярат етіп, танымал орталық "Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешенін де аралады.
Ардагерлер саяхат барысында ұмытылмастай әсер алғандықтарын айта келе, aудан әкімдігіне өз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр