Шымкенттегі "Шымқала" этноауылында өрт болды
Шымкент қаласының “Шымқала” этноауыл аумағында өрт болды, деп хабрлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына қарасты "Шымқала" этноауыл аумағында орналасқан садақ атуға арналған қамыс қораның 8 ш.м. аумағы 26.08.2021 жылы сағат 00:49-да жанды”, – делінген хабарламада.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 5 дана техникасы жұмылдырылып, өрт сағат 01:19-да толығымен сөндірілді. Өрт барысында мемлекет мүлігіне нұқсан келген жоқ.
Алдын ала болжам бойынша садақ ату орнын арнайы өртеген болуы мүмкін. Қазіргі танда өрттің шығу салдары анықталуда.
Алайда қала қонақтары мен тұрғындарына қолайсыздық тудырмау мақсатында садақ ату орны жақын арада ретке келтіріліп, өз жұмысын жалғастыратын болады.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді