Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 есе арзанға сатылған: Шымкентте қысқы спорт түрлерін дайындайтын жалғыз спорт сарайы мемлекетке қайтарылды

Шымкент прокуратурасы жекенің қолына заңсыз өтіп кеткен спорт сарайын мемлекетке қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Шымкент мұз сарайы

2017 жылы "Спорт сарайы" ЖШС-ның 67,09% үлесі жекешелендіріліп, құны 1 миллиард теңге, яғни нарықтық құнынан 8 есе аз сомаға сатылғаны анықталды.

“Сонымен қатар спорт сарайын сатып алған ұйым жекешелендіру рәсіміне заңсыз жіберілген және жарғы құжаттарына сәйкес спорт саласындағы қызметтермен айналысуға құқығы жоқ. Сол үшін ол аукционға қатысушы ретінде тіркеле алмайды”, – деп мәлімдеді Шымкент прокуратурасының баспасөз қызметі.

Спорт сарайы – оңтүстік өңірлерде қысқы спорт түрлерін дайындайтын жалғыз орын. Объектіні жекешелендіру кезінде "Мемлекеттік мүлік туралы" заңның нормалары бұзылған. 5 жылда мемлекет спорт сарайының үй-жайларын жалға алуға 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсаған.

“Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 27 мамырдағы шешімімен жекешелендіру нәтижелері жойылды. Шешім заңды күшіне енді”, – делінген хабарламада.

Талқылау