Шымкенттегі денсаулық сақтау басқармасынан 2 миллиард теңгеге заңбұзушылық анықталған
Шымкенттегі денсаулық сақтау басқармасынан 2 миллиард 106 миллион 402 мың теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік ішкі аудит департаментінің мамандары жүргізген тексеріс нәтижесінде, 2024 жылғы бюджет бағдарламалары аясында бөлінген қаражат дұрыс жоспарланбағаны белгілі болды.
Бұған байланысты бюджет қаражатын жоспарлау кезінде заң бұзылған. Сонымен қатар 303 100 теңге көлемінде рәсімдік заңбұзушылықтар тіркелген.
Шымкент ішкі мемлекеттік аудит департаменті заңсыз жоспарланған қаражатты республикалық бюджетке қайтару қажеттігін мәлімдеді. Тексерістен кейін 2 миллиард 106 млн 402 мың теңге толықтай бюджетке қайтарылды.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда мемлекетаралық іздеуде жүрген ломбард филиалының бұрынғы директоры ұсталды. Ол өзгенің мүлкін иемденіп, талан-таражға салды деп күдікке алынған.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”