Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханада 200-ге жуық бүйрек пен бауыр трансплантациясы жасалған
Шымкент қаласындағы №1 клиникалық ауруханада 2014 жылдан бері трансплантация жасалып келеді. Бүгінге дейін емдеу орталығының білікті дәрігерлері 172 бүйрек және 24 бауыр алмастыру отасын жасаған. 2019 жылы А.Донбай бастаған клиникалық аурухананың трансплантолог дәрігерлері бауыр трансплантациясы отасын 5 сағат 48 минутта жасап, Қазақстандық рекордты жаңартқан болатын.

Бүгінде мұндағы қабылдау бөліміне күнделікті 350-ден аса науқас медициналық көмекке жүгінеді екен. Ал, күту залындағы науқастың туыстары камера арқылы қабылдау бөліміндегі науқастың жағдайын бақылай алады.
Жалпы ауруханада хирургиялық, нейрохирургия, урология, отолорингология сынды 22 бөлімше мен инсульт орталығы, КТ, МРТ және ангиогроф кабинеттері бар.
Бүгінгі таңда аурухана қызметкерлері 2019 жылдың II тоқсанында іске қосылған "DamuMed" ақпараттық жүйесімен жұмыс істеуде. Компьютерлер саны-299, планшеттер-10.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен