Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте зорлаушының әрекеті үйдің кіреберісіндегі бейнебақылауға түсіп қалған

Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлау әрекеті видеоға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың 17 желтоқсанында сағат 23:15 шамасында Еңбекші аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміндегі "102" пультіне әйелге көмек керек деген шақырту түскен.

"Келген жедел-тергеу тобы зардап шеккен 1950 жылы туған әйел екенін анықтады. Оны белгісіз адам үйдің кіреберісінде зорламақшы болған.



Сол күні аталған факті зорлау әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді. Қабылданған шаралармен күдікті адамның жеке басы анықталды. Ол бірнеше рет сотталған Шымкент қаласының тұрғыны", - деп хабарлады полициядан. Күдіктіні ұстауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Полиция оқиғаның камераға жазылғанын, оның "Қазақтелеком" АҚ көмегімен подъезге орнатылып, Шымкент полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылғанын атап өтті.

Талқылау