Шымкентте жүк көлігі 11 темір тұлпарды соғып өткен (видео)
Шымкентте жүк көлігі бағдаршамда тоқтап тұрған 11 темір тұлпарды соғып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Алдын ала түскен ақпарат бойынша, жүк көлігінің тежеуіші істен шыққан. Оқиға 4 желтоқсанда кешке орын алған.
Жол апатынан жүк көлігінің жүргізушісін қосқанда 4 адам зардап шеккен. Десек те оларды ауруханаға жатқызбапты. Дәрігерлер жарақат алғандардың жағдайы қанағаттанарлық екенін жеткізді.
Қазіргі таңда оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеуде.
Айта кетейік, бұған қоса Алматы-Бішкек тас жолында тағы бір ауыр жол апаты орын алды. Бетон таситын жүк көлігі аударылып кетіп, нәтижесінде екі адам көз жұмған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған