Шымкентте жоғалып кеткен үш жасар қыз табылды
Бүлдіршінді іздеу жұмыстарына бес жүзден аса полицей мен қызметтік иттер жұмылдырылды, бала кешкі он шамасында аман-есен табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шымкентте полицейлер жоғалған үш жасар қызды тауып, ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі. 2 мамырда Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына 1999 жылғы жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, түскі бір шамасында 3 жасар қызы үйден шығып, белгісіз бағытта жоғалып кеткен.
Бүлдіршінді іздеу жұмысына полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
"500-ден астам тәртіп сақшысы аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған қыз туралы сұрастырды. Сондай-ақ қызметтік иттер тартылды", - делінген хабарламада.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде үш жасар қыз сағат 22:10-да "Отырар" шағын ауданынан бір шақырым жерден аман-есен табылды. Полиция баланы ата-анасына жеткізді. Жоғалған қыздың әке-шешесі шымкенттік полицейлерге ризашылығын білдірді.
Талқылау

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады