Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жалған полиция қызметкерлері тұрғындардан ақша бопсалап келген

Шымкентте ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері күш қолданып, қала тұрғындарынан ашық түрде көлемді ақша алып кеткен үш жігітті ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото:polisia.kz

Өздерін полиция қызметкері деп таныстырып, тұрақты түрде ақша бопсалап отырған. Сонымен қатар "қамқорлықтары" үшін ай сайын төлем талап еткен. Олардың бірінен жалған полиция қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді. Екіншісі бұрын алаяқтық үшін сотталған.

"Мұндай әрекеттер қызметтік міндетін адал атқарып жүрген ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделін түсіреді. Сондықтан қатаң жазаланады. Бопсалау, тонау және билік өкілі шенін рұқсатсыз иемдену фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдіктілер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Талқылау