Шымкентте ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады
Ұлттық гвардия жауынгерлері футбол матчының соңында алаңға шықты. Қазақстандық премьер-лиганың 24-ші турына тиесілі матч "Ордабасы" мен "Шахтердің" арасында өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ойын 24 тамызда өтті. Есеп 2:2 болғандықтан, бас төрешіні Болат Сариев матчтың 96-шы минутында, "Шахтер" қақпасына пенальтти орындатты. Судьяның шешімімен келіспеген футболшылар мен жаттықтырушылар Сариевті қоршап алды. Ұлттық гвардия жауынгерлеріне оны қорғауға тура келді.
"Ордабасының" хавбегі Абдулаи Диакате пенальтиді матчтың 100-ші минутында орындады. Есеп 3:2 болып ауысып, командаға жеңіс әкелді.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған