Шымкентте ұлын саудалаған көп балалы ана сотталды
Шымкентте 1,5 жастағы ұлын сатқан көп балалы ана 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.
Іс материалдары бойынша 31 жастағы әйел өзінің 1,5 жастағы ұлын сатпақ болған. Бұл туралы ол танысына мәлімдеген. Ақпаратты естіген полицейлер баланы сатып алмақ болған жұп болып сатушымен байланысқа шыққан. Көпбалалы ана сатып алушыларды баланы көру үшін үйіне шақырған.
- Елімізде мұғалімдер мен көп балалы отбасыларға автокөлік сатып алу үшін жеңілдетілген несие беріледі
"Айыпталушы кездесуге шақырып, үйіне алып барған. Бастапқыда 1,5 миллион теңге сұраған, кейін 1 миллион теңгеге келісті. Саудаласу барысында полицейлер ақшаны берген, ал әйел баланы дайындап, полицейлердің қолына ұстатқан. Осы сәтте ол қолға түсті. Сауда барысын полицейлер жасырын камераға түсіріп алған", - деп мәлімдеді Шымкент ювенальді сотының басшысы Дәурен Сайханов.
Анықталғандай, әйел ажырасқан және төрт баланы жалғыз асырап отырған. Босанған соң ол баласын жетімдер үйінде тастап кетпек болған. Бірақ мамандар райынан қайтарыпты. 1,5 жылдан кейін қаржы жетіспегендіктен өзінің кіші баласын сатпақ болған.