Шымкентте Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлеріне пәтер кілті табысталды
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов каратэден Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Дархан Асәділов пен Софья Берульцеваға пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спорттағы жеңістер ел абыройы үшін қызмет ететінін айтқан қала әкімі мемлекет басшысы жазғы Олимпиада ойындарында жүлдегер болған қазақстандық спортшылардың еңбегін ерекше бағалап мемлекеттік награда тағайындағанын атап өтті.
Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтаған Дархан Асәділов пен Софья Берульцева "Құрмет" орденімен наградталған.
Мұрат Әйтенов жетістіктер арқылы каратэ спорт түрінің қалада даму деңгейін көрсеткенін айтып, осы еңбектері үшін қала тұрғындары атынан алғыс білдірді.
Айта кетейік, спортшыларға тұрғын үй қорындағы "Нұрсат" шағынауданынан 1 бөлмелі пәтер берілді.
Каратэ спорты Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілген еді. Дархан мен Софья – каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегерлері.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар