Шымкентте әйел шала туған нәрестесін қорапқа салып аурухана алдына тастап кеткен
Шымкентте шала туған нәрестесінің денесін қорапқа салып, аурухананың алдына қалдырып кеткен әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі OTYRAR порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pexel
Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында болды. Белгісіз әйел №2 Облыстық перинаталдық орталыққа (Дархан) келіп, шала туған нәрестенің денесін қорапта қалдырып кеткен.
"Бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлайды Шымкент полиция департаменті.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар