Шымкентте мұнай мен газ ұрлады деген күдікті тергеу изоляторынан қашып кетті
Шымкент мұнай-газ құбырынан газ және мұнай ұрлады деп айыпталған күдікті тергеу изоляторынан қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Күдікті тергеу изоляторынан бүгін, 11 мамырда қашып кеткен. Қазір күдіктіні іздестіру және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
"Аталған факті бойынша Шымкент қалалық ІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы "Қарау орындарынан, қамауға алудан немесе күзетпен ұстаудан қашу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. ҚР Процессуалдық кодексі, тергеудің егжей-тегжейлері және басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды", - деді Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ департамент оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Шымкент қаласы мен Түркістан облысы ІІД-де қызметтік тексеру тағайындалғанын хабарлады.
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр